Математика ғылымында «анализ» деп аталатын сала бар деседі. Оны кейде адамдар шатаспасын деп «математикалық анализ» деп атайтын көрінеді. Ағылшын тілінде «analysis», ал орыс тілінде «анализ» деп аталады. Қазақша тіке мағынасы «талдау, сараптама жасау». Өзі алып сала дейді. Мұнда сол алып саланың бастапқы тақырыптарымен танысатын боламыз.
Қадамыңызға нұр жаусын!
Математикада грек және латын әріптері жиі қолданылады. Не себепті екені айтпаса да белгілі. Басқасы басқа, бірақ математиканы оқу кезінде бұл әріптерді білудің өзіндік маңызы бар. Себебі қандай да бір анықтаманы немесе формуланы оқу кезінде грек әріптері кездесе қалса қалай оқуды білмей оқып жатқан нәрсеміздің мәнін түсінудің орнына осы әріпті қалай оқу керек екендігі туралы ойлап кетуіңіз мүмкін. Бұл әркімде кездесетін жағдай. Осындай келеңсіздікке түспес үшін грек әріптерімен біршама жұмыс жасауды ұсынамыз. Үлкен дүниелерге қол жеткізу үшін, кейде осындай дүниелерден бастаған жөн.
$\underset{\footnotesize альфа}{A \alpha}$ | $\underset{\footnotesize бета}{B \beta}$ | $\underset{\footnotesize гамма}{\Gamma \gamma}$ | $\underset{\footnotesize дельта}{\Delta \delta}$ | $\underset{\footnotesize эпсилон}{\Epsilon \varepsilon}$ | $\underset{\footnotesize дзета}{\Zeta \zeta}$ |
$\underset{\footnotesize эта}{\Eta \eta}$ | $\underset{\footnotesize тэта}{\Theta \theta}$ | $\underset{\footnotesize йота}{\Iota \iota}$ | $\underset{\footnotesize каппа}{\Kappa \kappa}$ | $\underset{\footnotesize лямбда}{\Lambda \lambda}$ | $\underset{\footnotesize мю}{\Mu \mu}$ |
$\underset{\footnotesize ню}{\Nu \nu}$ | $\underset{\footnotesize кси}{\Xi \xi}$ | $\underset{\footnotesize омикрон}{\Omicron \omicron}$ | $\underset{\footnotesize пи}{\Pi \pi}$ | $\underset{\footnotesize ро}{\Rho \rho}$ | $\underset{\footnotesize сигма}{\Sigma \sigma}$ |
$\underset{\footnotesize тау}{\Tau \tau}$ | $\underset{\footnotesize ипсилон}{\Upsilon \upsilon}$ | $\underset{\footnotesize фи}{\Phi \phi}$ | $\underset{\footnotesize хи}{\Chi \chi}$ | $\underset{\footnotesize пси}{\Psi \psi}$ | $\underset{\footnotesize омега}{\Omega \omega}$ |
$\underset{\footnotesize эй}{A a}$ | $\underset{\footnotesize би}{B b}$ | $\underset{\footnotesize си}{C c}$ | $\underset{\footnotesize ди}{D d}$ | $\underset{\footnotesize и}{E e}$ | $\underset{\footnotesize эф}{F f}$ |
$\underset{\footnotesize жи}{G g}$ | $\underset{\footnotesize эйч}{H h}$ | $\underset{\footnotesize ай}{I i}$ | $\underset{\footnotesize Джей}{J j}$ | $\underset{\footnotesize кей}{K k}$ | $\underset{\footnotesize эл}{L l}$ |
$\underset{\footnotesize эм}{M m}$ | $\underset{\footnotesize эн}{N n}$ | $\underset{\footnotesize өу}{O o}$ | $\underset{\footnotesize пи}{P p}$ | $\underset{\footnotesize кю}{Q q}$ | $\underset{\footnotesize ар}{R r}$ |
$\underset{\footnotesize эс}{S s}$ | $\underset{\footnotesize ти}{T t}$ | $\underset{\footnotesize уи}{U u}$ | $\underset{\footnotesize ви}{V v}$ | $\underset{\footnotesize даблю}{W w}$ | $\underset{\footnotesize Икс}{X x}$ |
$\underset{\footnotesize уай}{Y y}$ | $\underset{\footnotesize зет}{Z z}$ |
Латынның $y$ әрібі кейбір жағдайда (көбіне орысша еңбектерде) 'и́грек' деп оқылады. Дұрысы "уай" деп оқыған жөн. Бұдан бөлек, әріптерді әуелден дұрыс оқып үйренгеніңіз жақсы әдет қалыптастырады. Кішкене нәрсеге көңіл бөлмеу қолайсыз жағдайларға апаруы ғажап емес. Яғни, мысалы $L$ әрібін "лы" деп емес "эл" деп оқыған дұрыс. Әрине, жақындарыңыз түсінер, бірақ ғылыми ортаға барғанда әріптерді дұрыс айтпағаныңыз ыңғайсыз болмақ. Бұл грек әріптеріне де қатысты.
Жазған формулаңыз қарапайым, түсінікті болып көрініп қалмас үшін елдің хабары жоқ символдарды қолдану керек. Бұл ретте әріптерді көп білген өте маңызды.